Skip to main content

Қазақстанда жалдамалы тұрғын үй нарығын мемлекеттік реттеу қажет пе

Submitted by Вера Александрова on

Риэлторлар қауымдастығы жалдамалы тұрғын үй нарығын мемлекеттік реттеуді енгізуді ұсынып отыр. 

informburo.kz деректері бойынша, сарапшылар бұл ақпаратқа түсініктеме берді. Олардың пікірінше, жалға алушылардың құқықтарының бұзылып жатқаны туралы жиі айтылады. Алайда оларды басқа мәселе – пәтер жалдаушылардың заң жүзінде өзін қалай қорғай алатыны қызықтырады. 

Өз кезегінде Қазақстан риэлторларының өзін-өзі реттейтін қауымдастығы кеңесінің мүшесі Виталий Браиловский тұрғын үйді жалға беруші де зардап шегуі мүмкін деп санайды.

«Сот тәртібімен істі ұтып, жұмсалған шығындарды өтеп, пассивтік табысын тыныш алып отыра алады, бұл жалдаудың мақсаты. Жалға алушы үшін де бүгінгі күні көптеген тәуекелдер бар. Біз естіп жатқандай, адамдар келіп, пәтер жалдап, ақша төлеген сияқты. Бірақ олар иелері емес, үш күнге өздері жалдап алған қандай да бір белгісіз адамдар болып шығады», – деп атап өтті Браиловский.

Жалдамалы тұрғын үй нарығын мемлекеттің бақылауына алып, жалға алушылардың құқықтарын қорғау қажеттігі айтылуда. Алайда Қазақстан Құрылысшылар одағы филиалының директоры Вячеслав Лазарев бұл пікірмен келіспеді.

«Менің ойымша, бұл нарықтық механизмдердің бәрін жояды, ал жалдау нарығы «сұр аймаққа» кетеді. Іс жүзінде мемлекет белгілеген бағаларға сәйкес келісімшарттар жасалады, ал ресми емес түрде «қолма-қол қара нарық» деп аталатын ақшалай қосымша төлем жүргізіледі», – деді Лазарев.

Сонымен бірге экономист, Public Policy Research орталығының директоры Меруерт Махмұтова жалдау нарығының ашықтығы бюджетті қосымша толықтыруға және саланы көлеңкелі экономикадан шығаруға мүмкіндік береді деп мәлімдеді. Оның сөзінше, адамдар тұрғын үйді жалға беру арқылы ақша табуды қалап, ипотека кезегінде тұр.

«Біздің азаматтарды да өркениетті түрде ақша табуға үйрету керек. Жалға беретіндердің бәрі есепке алынады. Яғни, салық органдары олардың заңды тұлға немесе жеке тұлға формасын таңдауына қарай салық төлеуін бақылайтын болады», – деп атап өтті Меруерт Махмұтова.

Сарапшылар бір ғана мәселеде ортақ пікірге келді: тұрғын үй жалдауды мемлекеттік реттеу процестерді бюрократияландырмай, теңгерімді болуы керек. Сонымен қатар ол баға саясатына әсер етпей, тараптардың құқықтарын қорғауы тиіс.