Skip to main content

Депутаттар жекешелендіру жөніндегі ұлттық кеңсенің жұмысына қатысқысы келеді

Submitted by Вера Александрова on

Қазақстанда Жекешелендіру жөніндегі ұлттық кеңсе құрылады. Жаңа ведомство жекешелендіруге жататын мемлекеттік активтерді іріктеу критерийлерін әзірлеуді және олардың тізбесін қалыптастыруды қамтамасыз етуі тиіс. Тиісті «Экономиканы ырықтандыру шаралары туралы» Жарлыққа президент 10 мамырда қол қойды. 

«Atameken Business» деректері бойынша, құжат «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және оның еншілес компанияларының корпоративтік басқаруының «дербестігін, сапасы мен тәуелсіздігін арттыру», сондай-ақ сатып алу процестерін жетілдіру жөніндегі шараларды да көздейді. Сонымен қатар, Жарлық тұтынушылардың коммерциялық қызметтерге қолжетімділігін цифрландыруды көздейді.

«Тұтынушылардың квазимемлекеттік ұйымдар ұсынатын коммерциялық қызметтерге, техникалық шарттар алу және инженерлік желілерге қосылу рәсімдеріне қолжетімділігін жеңілдету және автоматтандыру (цифрландыру) көзделеді», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Қазақстанда міндетті болып табылатын жобалық-сметалық құжаттамасыз құрылыс салу үшін президент озық халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жобаларды пайдалануға рұқсат беруді ұсынды.

«Жарлықтағы жеке блок ретінде бизнестің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды күшейтуге бағытталған іс-шаралар кешені, оның ішінде экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтарды декриминализациялау, мемлекеттік органдар бастамашылық ететін тыйым салу-шектеу шараларын прокурорлармен келісу және т.б. қамтылған» - делінген хабарламада.

Өз кезегінде депутаттар жаңа Жекешелендіру жөніндегі ұлттық кеңсенің жұмысына қатысуға ниет білдірді. Сонымен бірге олар ескі әдістермен қайта жекешелендіруге қатысты алаңдаушылық білдірді. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін біз «Қазақстан инвестициялық қоры» АҚ (ҚИҚ) пен «Қазақстан Даму Банкі» АҚ (ҚДБ), «РОП Операторы» ЖШС және бірқатар мемлекеттік органдардың мақсатты әрекеттері «Милс-Групп» ЖШС мен шиналарды кәдеге жарату және қайта өңдеу жөніндегі бірегей зауыт «Kazakhstan Rubber Recycling» ЖШС-нің банкротқа ұшырауына әкелгені туралы жазған болатынбыз. 

Сондай-ақ бұған дейін хабарланғандай, ҚИҚ пен ҚДБ «Семей тері-тон комбинатына» (СТТК) өмір сүруге мүмкіндік қалдырмады. Орта Азиядағы ең ірі және Қазақстандағы бірегей кәсіпорын деп танылған комбинат банкротқа ұшырады. БАҚ-та хабарланғандай, көбінесе «Бәйтерек» ҰБХ еншілес ұйымдары жасаған жағдайларға байланысты.