Skip to main content

«Қазақстан» қонақ үйінің иесіне Алматыда талап-арыз берілді

Submitted by Вера Александрова on

Алматы әкімдігі «Қазақстан» қонақүйінің иесіне бөлігі бассейнге айналған субұрқақты қайта жаңғыртуға байланысты талап қойды. 

Informburo.kz деректері бойынша, құрылыс-монтаж жұмыстары рұқсат құжаттарынсыз жүргізілген.

«Нысандағы жұмыстар тоқтатылды, «Crown Star» ЖШС иесіне қатысты жоспардан тыс тексеру нәтижесінде әкімшілік кодекстің 316 және 321-баптары бойынша шаралар қолданылып, бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Бүгінгі күні басқарма нұсқаманы мәжбүрлеп орындату үшін сотқа талап қоюды бастады», – деп хабарлады Алматы мәдениет басқармасы.

Ведомство қонақүй ғимараты мемлекеттік жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізілгенін қосты. Сонымен қатар, субұрқақ ескерткіштің бөлігі емес, алайда ол қорғау аймағының аумағында орналасқаны атап өтілді. 

Белгілі болғандай, билік тексеруді сәуір айында тұрғындардан шағымдар түскеннен кейін жүргізген. Әкімдік қонақүй иесінен жұмыстарды тоқтатып, бұзушылықтарды жоюды талап еткен. Мамыр айында Медеу ауданы прокуратурасына ЖШС-ді жауапкершілікке тарту үшін сұрау жіберілген.