Степногорск қаласында 19 наурызда «Бестобе» кенішінің «Батыс» шахтасында, «Қазақалтын» ЖШС-іне қарасты кен орнында тау жынысының опырылуы салдарынан жұмысшы қайтыс болды.
Cmn.kz мәліметінше, тау жынысының опырылуы бекітуге арналған ағаш материалдарын көтеру кезінде болған.
Оқиға салдарынан шахтаның екі жұмысшысы жарақат алды. Қызметкерлердің бірі оқиға орнында қайтыс болды, екіншісі құтқарылып, қазір қалалық ауруханада жатыр.
Өз кезегінде Ақмола облысы полиция департаменті шахтердің қазасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Еске сала кетейік, сол күні «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-і Ұлытау облысындағы Шығыс-Жезқазған кенішінде жұмысшының өндірісте қайтыс болғанын хабарлады. Компанияда апат бақытсыз жағдай салдарынан болғаны атап өтілді.
Фонд-бюро расследования коррупции