Skip to main content

Каспий теңізі жыл сайын 70 см су жоғалтады

Submitted by Вера Александрова on

Экологтар Каспий теңізінің деңгейі жыл сайын шамамен 70 сантиметрге төмендейтінін мәлімдейді. Халықаралық Save the Caspian Sea қозғалысының ақпараты бойынша, Қазақстанның жекелеген аудандарында жағалау сызығы 18 шақырымға шегініп үлгерген. 

Informburo.kz хабарлағандай, сарапшылар құрғап кеткен Арал теңізімен параллель жүргізіп, әрекетсіздік су айдынынан айырылуға әкеп соғуы мүмкін екенін атап өтуде.

Save the Caspian Sea қозғалысының негізін қалаушылардың бірі Галина Чернованың айтуынша, зерттеулер Каспий теңізінің ауқымды тайыздануын болжайды.

«Ол тіпті батпаққа емес, құрғатылған аумаққа айналады. Теңіз ішке қарай Орталық Каспийге, Бозащы түбегіне дейін кетеді, Әзербайжан жағынан Апшерон түбегі деңгейінде болады, Оңтүстік Каспидің кейбір аумақтары, оның ішінде Иран жағалауы да таязданады, Түрікменстанда жағалау бөлігі ашылады», – деді ол.

Экологтардың айтуынша, негізгі қауіптер су деңгейінің төмендеуі және ластану болып қала береді. Олардың пікірінше, бұған Қазақстан ғана емес, сонымен қатар басқа да Каспий маңы елдері, сондай-ақ мұнай өндірумен айналысатын трансұлттық корпорациялар жауапты.

Қозғалыс қатысушылары компаниялардың теңізді «нөлдік ластау» туралы бастапқы уәделерінің орындалмағанын айтады. Жыл сайын Каспий жағалауында өлген каспий итбалықтарының денелері табылып, құстардың жаппай қырылу жағдайлары тіркеледі.

«Ластануға келетін болсақ, бұл, әрине, Каспийдегі өнеркәсіптік қызмет. Мұнай өндіру, ағынды суларды төгу. Бір ұрпақтың ішінде біз бекіре балықтарынан айырылдық. Егер 90-шы жылдары уылдырық пен балық қолжетімді бағада болса, бүгінде бұл ең бай адамдар үшін сән-салтанат», – деді Save the Caspian sea қозғалысының негізін қалаушы Вадим Ни.

Экологтардың атап өтуінше, Каспиді құтқарудың бірыңғай бағдарламасы жоқ. Атырау және Маңғыстау облыстарында тек аймақтық жобалар ғана жүзеге асырылуда. 

«2006 жылдан 2024 жылға дейінгі жағалау сызығын салыстырдық және бұл сызық сол уақыттан бері шамамен 15-тен 30 шақырымға дейін жылжыған. Қазір бізді басып қалған мәселені тоқтататын нақты әрекеттерді көріп отырған жоқпыз», – деп мәлімдеді экология министрлігінің экологиялық мәдениет және саясат департаментінің директоры Дәулет Есмағамбетов.

Министрлік мәселені зерттеу және шешу үшін ғылыми институт құру жоспарлары туралы мәлімдеді. Алайда, сарапшылардың айтуынша, уақыт өтіп жатыр, ал халықаралық келісімдер әлі нақты нәтиже берген жоқ. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысында Каспий теңізінің жағалауында жануарлардың жаппай қырылуы тіркелген болатын. Биылғы жылдың шілде айының басында аймақта Каспий теңізінің жағалауында балықтардың қырылуы тіркелді. Сол жерде бірнеше рет өлі жануарлар табылды: 1 мамырда88 итбалықтың қалдықтары, 9 мамырдаондаған өлі итбалық пен құс, мамыр айының соңында Форт-Шевченко ауданында екі күн ішінде 117 өлі итбалық табылды.

Экологтар мен аймақ тұрғындары бұл жағдайлардың бір бөлігін мұнай өндіруші компаниялардың қызметімен байланыстырады, олардың бірі North Caspian Operating Company (NCOC) халықаралық консорциумы болып табылады.