Skip to main content

«Карачағанак Петролеум Оперейтинг» экологияға келтірген зияны үшін 740 млн теңгеге айыппұл салынды

Submitted by Вера Александрова on

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы «Қарашағанақ Петролеум Оперейтинг Б. В.» компаниясын өңірдің қоршаған ортасын ластағаны үшін айыппұл салды. 

Forbes.kz мәліметінше, тексеру мұнай-газ өндіруші консорциумның ауаны ластап, қалдықтарды қоршаған ортаға тастағанын анықтады. Ластаушы заттардың көлемі 264 тоннаны құрады.

Прокурорлар компанияны ҚР ӘҚБтК-нің 328-бабы бойынша («Қоршаған ортаға рұқсат етілген антропогендік әсер ету нормативтерін бұзу») әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулы шығарды.

«Жалпы сомасы 739 568 808 теңге көлеміндегі айыппұлдар толығымен өндірілді», — деп атап өтті ведомство өкілдері.
______________
Анықтама үшін: «Қарашағанақ Петролеум Оперейтинг Б. В.» - Қазақстанның мұнай саласын дамыту бойынша Қарашағанақ жобасын іске асыру үшін біріккен компаниялар консорциумы. 

Консорциумдағы үлестер келесідей бөлінген:

  • «Royal Dutch Shell plc» (Нидерланд, Ұлыбритания) — 29,25%;
  • «Eni» (Италия) — 29,25%;
  • «Шеврон» (АҚШ) — 18%;
  • «Лукойл» (Ресей) — 13,5%;
  • «ҚазМұнайГаз» (Қазақстан) — 10%.