Skip to main content

КазМұнайГаз 50% «қыз» компаниясын сатуды экономикалық мақсатқа сайлықпен ақтайды

Submitted by Вера Александрова on

Басқарма төрағасының орынбасары «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (ҚМГ) Қуаныш Құдайбергенов ресейлік «Лукойл» компаниясына Қаламқас-теңіз/Хазар жобасындағы 50% үлесті сату туралы жаңалыққа түсініктеме берді. 

Ол хабарлағандай, Қаламқас-теңіз және Хазар кен орындары бұрын әртүрлі операторлары бар жер қойнауын пайдалану жөніндегі әртүрлі келісімшарттардың құрамына кірген. Қаламқас-теңіздің операторы «North Caspian Operating Company» (NCOC), ал Хазардың операторы «Caspi Meruerty Operating Company» (CMOC) болған, оған «Shell» және «Oman Oil» компаниялары қатысқан.

«Бірқатар себептерге байланысты оларды игеру созылып кетті, оның ішінде дербес пайдаланудың экономикалық тұрғыдан тиімсіздігі де болды. Соның салдарынан компаниялар оларды игеруге инвестиция салудан бас тартып, учаскелерді мемлекетке қайтарды», - деді Қуаныш Құдайбергенов.

Оның айтуынша, кен орындарының географиялық жақындығы мен геологиялық ұқсастығын ескере отырып, үкімет жобаларды бір жер қойнауын пайдалану келісімшартына біріктіру туралы шешім қабылдады. Содан кейін ҚМГ Каспий теңізінде бірқатар ұқсас жобаларды жүзеге асырған «Лукойлды» стратегиялық серіктес ретінде тартты.

«Айта кету керек, қайраңдық кен орындарын игерудің тиісті технологиялары бар стратегиялық серіктестің болуы жобаны қайта іске қосуға мүмкіндік берген шешуші фактор болды. Әйтпесе, жоба әлі күнге дейін инвесторды күтіп «сөреде» жатуы мүмкін еді», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар Қуаныш Құдайбергенов жоба шамамен $6,5 млрд көлемінде инвестицияны көздейтінін және «технологиялық күрделі» санатына жататынын атап өтті.

«Біздің компания жобадағы 50% үлеске ие. Барлық шешімдер бірлескен кәсіпорын қатысушылары арасында тең негізде қабылданады. Жоба операторының басшылық құрамы да екі қатысушының тең санынан тұрады. Осылайша, кейбір БАҚ-та «ҚМГ жобаны бақылауынан айырылды» деген мәлімдемелер шындыққа сәйкес келмейді», - деп қорытындылады Құдайбергенов.