Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) Қостанай облысында заңсыз майнерлердің қызметін тоқтатты.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, бір топ адам тиісті лицензиясыз Bitcoin криптовалютасын өндірген.
Майнерлер деп аталатындар 3 аудан орталығының, 27 орта мектептің немесе 13 аурухананың тұтыну көлеміне тең электр энергиясын тұтынып, жергілікті электр желілеріне орасан зор жүктеме түсіргені атап өтілді.
Тінту нәтижесінде ҚМА қызметкерлері 150 данадан астам майнинг жабдығын, оларды желдетуге және салқындатуға арналған құрылғыларды, Wi-Fi маршрутизаторларды, ұялы телефондарды және ноутбуктерді тәркіледі.
Сонымен қатар, ведомство заңсыз өндірілген криптовалюта түскен криптобиржадағы аккаунттарды, сондай-ақ ақша аударылған банктердегі шоттарды анықтады.
Алдын ала мәліметтер бойынша, майнерлердің заңсыз әрекетінен түскен табыс пен айналым 100 млн теңгеден асқан.
«Сот санкциясымен күдіктінің криптобиржадағы аккаунтында сақталған барлық мүлкі мен заңсыз өндірілген цифрлық активтеріне тыйым салынды», - делінген хабарламада.
Белгілі болғандай, биыл цифрлық активтердің заңсыз айналымы саласында 7 үкім шығарылған. Сотқа дейінгі тергеу шеңберінде құны 1,2 млрд теңгеден асатын мүлік тәркіленді.
Еске сала кетейік, қыркүйек айының басында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев криптовалюта майнингімен айналысатын, экономикаға зиян келтіріп көп мөлшерде электр энергиясын тұтынатын және салықтарды тиісті мөлшерде төлемейтін кәсіпкерлермен «айналысу» қажеттігін айтты.
Фонд-бюро расследования коррупции