Астана әуежайының қызметкерлері жалақыларын көтермесе, ереуілге шығатындарын ескертті.
«Жалақыны көтеру үшін қанша жүргізуші өлуі керек? Мен бұны бәріміздің атымыздан айтып отырмын, өйткені біздің жұмысымыз бір. Біз сіздерді ешқашан жерге қараттық па? Тексерістен өтпей қалдық па?» – деп әуежай қызметкерлерінің өкілі жүгінді.
БАҚ мәліметінше, авиасарапшы Әбіл Кекілбаев әуежай қызметкерлерінің әуежай басшылығы немесе Азаматтық авиация комитеті өкілдерімен кездесуінің бейнежазбасын жариялаған. Ал әуежайдың баспасөз қызметі бұл кездесу әуежай ғимаратында өтпегенін хабарлады.
Ер адам 250 жүргізушінің жалақысын көтеруді талап етіп отырғанын айтады. Белгілі болғандай, қазір олар 250 мың теңге алады. Бұл, олардың айтуынша, жеткіліксіз. Тек баспанаға ғана олар айына 170 мың теңге жұмсайды.
Сондай-ақ әуежай қызметкерлері техниканың жағдайына шағымданады. Олардың айтуынша, бір бөлігі пайдалануға мүлдем жарамсыз. Сонымен қатар олар жұмыс орнындағы өлім жағдайларын еске салды. Мысалы, өткен жылы багаж таситын таспалы тиегіш көліктің жүргізушісі жұмыс үстінде қайтыс болғаны хабарланған болатын.
Әуежай қызметкерлері 9 мамырға дейін жалақыны көтеру мәселесі шешілмесе, жұмысқа шықпайтындарын сендірді.
Фонд-бюро расследования коррупции