Астана мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты қорғаныс министрлігінің «Қ-Дорстрой» АҚ-на қатысты 1 млрд 36 млн теңге аванстық төлемді және 31 млн теңге көлеміндегі тұрақсыздық айыбын өндіріп алу туралы талабын қанағаттандырды.
Бас әскери прокуратура баспасөз қызметінің мәліметінше, акционерлік қоғам Алматы облысы Іле ауданындағы «Жетыген» әуеайлағының ұшу алаңына күрделі жөндеу жүргізуге міндеттенген, алайда шарт талаптарын орындамаған.
«Қабылданған сот шешімінің ұзақ уақыт орындалмауына байланысты Бас әскери прокуратура бірқатар шаралар қабылдап, әділет органдарына қадағалау актісін енгізді», - делінген хабарламада.
Нәтижесінде залал толық көлемде өтелді: борышкер мемлекет кірісіне 1 млрд 67 млн теңге аударды.
Фонд-бюро расследования коррупции