Қазақстандықтар 2025 жылдан бастап мемлекеттік қызметшілердің жұмысын онлайн режимінде бағалау мүмкіндігіне ие болады.
Informburo.kz Жоғары аудиторлық палата жанындағы тиімділікті талдау және бағалау зерттеулер орталығына сілтеме жасап хабарлағандай, 2029 жылға қарай барлық мемлекеттік органдардың жұмысы толығымен цифрландырылады, ал төмен рейтингі бар шенеуніктердің жалақы мөлшері төмендейді.
«Қазіргі уақытта мемлекеттік аппарат жұмысын толық цифрландыру бойынша зерттеу жүргізілуде. Бұл азаматтар мен мемлекеттік қызметшілер арасындағы өзара байланысты нығайту үшін қажет», - делінген хабарламада.
Мысал ретінде цифрландырудың мұндай әдістерін бұрыннан қолданып келе жатқан шет елдердің тәжірибесі келтірілген.
«Модель азаматтармен тығыз өзара іс-қимылды және мемлекеттік аппарат жұмысының ашықтығы мен жеделдігін арттыру үшін мемлекеттік процестерді цифрландыруды көздейді. Талқылаудың маңызды аспектісі мемлекеттік қызмет реформаларының халықаралық тәжірибесін зерделеу болды. Ұлыбритания, Сингапур және АҚШ сияқты елдердің басқару модельдері Қазақстанға меритократия, цифрландыру және мемлекеттік аппарат тиімділігін арттыру саласындағы үздік тәжірибелерді енгізуге үлгі болып табылады», – деп атап өтті тиімділікті талдау және бағалау зерттеулер орталығының ғылыми жобалар жетекшісі Бауыржан Бокаев.
Жобаны іске асыру аясында мамандар мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті білім мен дағдылардың бағалау стандартын әзірлегені атап өтіледі.
Фонд-бюро расследования коррупции