Жақында Қазақстан тұрғындары кейбір сайттарға кіру мәселесіне тап болды. Белгілі болғандай, қазақстандық бұлтты провайдер PS Cloud Services сервистеріне ауқымды DDoS-шабуыл жасалған.
____________
Анықтама үшін: DDoS-шабуыл – бұл веб-ресурсқа көптеген сұраныстар жіберу, нәтижесінде ресурс жұмысының тоқтауы – «қызмет көрсетуден бас тарту» немесе DoS (Denial-of-service) орын алуы мүмкін.
CMN.KZ деректері бойынша, хакерлер сайттарды хостингтеу сервисіне шабуыл жасаған. Шабуыл Сыбайлас жемқорлықты тергеу қоры-бюросының сайты - fbrk.kz, сондай-ақ Bluescreen.kz, Informburo.kz сайттары, Kompra.kz порталы және басқаларына әсер еткен.
«5 ақпанда біз өз инфрақұрылымымызға ауқымды толқын тәрізді DDoS-шабуылға тап болдық. Бұзушылардың әрекеттері келесі сервистерге әсер етті: бұлтты серверлер, объектілік сақтау, Virtuozzo Application Platform, VPS-хостинг және сайттар хостингі», — деп мәлімдеді компанияда.
Шабуыл 5 ақпан сағат 16:50-ден 6 ақпан сағат 01:00-ге дейін жалғасқаны атап өтіледі.
«Осы уақыт ішінде біздің команда шабуыл толқындарына тойтарыс беріп, олардың салдарын жойды. Сағат 01:00-де сервистердің жұмыс қабілеттілігі толығымен қалпына келтірілді», — деп қосты компанияда.
Фонд-бюро расследования коррупции