Skip to main content

«Боранбаев қонақ үйі» қайтадан саудаға қойылды

Submitted by Вера Александрова on

Астана қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы «Comfort Hotel Astana» қонақ үй кешенін қайтадан сатуға шығарды. Бұған дейін тергеу органдарымен ынтымақтастық аясында оны кәсіпкер Қайрат Боранбаев мемлекетке тапсырған еді. 

Алдыңғы сауда-саттық қатысушылардан өтінімдер болмағандықтан өтпеді. Қайталама тендер 25 сәуірге белгіленді. Бастапқы құны, алдыңғы жолы сияқты, 3 919 431 715 теңгені құрады. Кепілдік жарна – 587,9 млн теңге. Сауда-саттықтың жалғыз қатысушысына сатуға рұқсат етіледі. 

Тендер шарттары да бұрынғысынша қалды – жаңа иесі қонақ үй кешенін қатаң түрде мақсаты бойынша пайдалануға, сондай-ақ Қазақстанда қонақ үйлерді басқаруда 7 жылдан кем емес тәжірибесі болуға міндетті. 

Еске сала кетейік, 2023 жылдың қазан айында Қайрат Боранбаев 1,4 млрд теңгеден асатын «Comfort Hotel Astana» қонақ үй кешенін мемлекетке тапсырған болатын. Кейін Астана әкімі Жеңіс Қасымбек қонақ үйді елордалық әкімдіктің балансына беру жоспарланып жатқанын хабарлады

Сонымен қатар ол нысанды әлеуметтік қызметтерге берудің қажеті жоқ екенін айтып, туристік мақсаттар үшін мұндай деңгейдегі қонақ үйлердің жетіспейтінін атап өтті.