Skip to main content

Боранбаев қайтадан Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті болды

Submitted by Вера Александрова on

Жақында бас бостандығынан айырылған Қайрат Боранбаев Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті болып қайта сайланды. 

Press.kz мәліметінше, сотталған бизнесменнің кандидатурасын паралимпиада федерациясының өкілдері бірауыздан бекіткен.

«Мені осы күні қолдаған әрбір адамға алғыс айтқым келеді», - деп жазды бизнесмен.

Боранбаевтың паралимпиада комитетін 2015 жылдан бері басқарғаны хабарланды. Сонымен қатар, ол «Қайрат» футбол клубының иесі. 

Айта кетейік, бұған дейін Антикор хабарлағандай, соңғы 6 жылда 4 кәсіби спорт клубын қаржыландыруға «Самұрық-Қазына» АҚ-ның демеушілік қаражатынан 138 млрд теңге бағытталған («Астана» ФК - 50,1 млрд, «Барыс» ХК - 48,8 млрд, «Astana Qazaqstan Team» велокомандасы - 31,5 млрд, «Астана» БК - 8 млрд)

Еске салайық, бұған дейін Қайрат Боранбаев 8 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған еді. Сонда бизнесмен өз кінәсін мойындамай, тағылған айыптауларды абсурд деп атаған

Кейін үкім күшін жойды, себебі Боранбаев тергеумен келісімге келді. БАҚ-та былтырғы маусым айында ол 14,5 млрд теңге көлеміндегі материалдық залалды өтегені туралы ақпарат тарады. 

Одан бөлек, Дариға Назарбаеваның бұрынғы құдасы ерікті түрде мемлекет меншігіне құны 90 млрд теңгеден асатын активтерді қайтарып, Білім инфрақұрылымын қолдау қорына 30 млрд теңге аударғаны хабарланған. 

Осыдан кейін көп ұзамай Қайрат Боранбаев прокурормен келісімге келіп, өз кінәсін мойындады, содан кейін оның мерзімі мүлігін тәркілей отырып, 6 жыл бас бостандығынан айыруға ауыстырылды. 

Кейінірек сот бизнесменнің өтінішін қанағаттандырып және оның өтелмеген жаза бөлігін бас бостандығын шектеуге ауыстырды. Қазіргі уақытта Қайрат Боранбаев бас бостандығынан айыру орындарынан босатылып, пробациялық бақылауда.