Қонақ үй кешені Comfort Hotel Astana, мемлекетке Қайрат Боранбаев тарапынан берілген, инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы саудаға шығарды.
Шарттарда көрсетілгендей, қонақ үй 5 жылға сенімгерлік басқаруға сатып алу құқығымен беріледі. Лоттың бастапқы құны – 3,9 млрд теңге. Кепілдік жарнасы 587,9 млн теңгені құрайды.
Сауда-саттықтың басталуы 27 наурызға жоспарланған. Қонақ үйдің әлеуетті иесі қонақ үй кешенін қатаң түрде мақсатына сай пайдалануы керек. Сонымен қатар, оның Қазақстанда қонақ үйлерді басқаруда кемінде 7 жыл тәжірибесі болуы тиіс.




Еске салайық, 2023 жылдың қазан айында Қайрат Боранбаев мемлекетке құны 1,4 млрд теңгеден асатын Comfort Hotel Astana қонақ үй кешенін берген болатын. Кейінірек Астана әкімі Жеңіс Қасымбек қонақ үйді елордалық әкімдіктің балансына беру жоспарланғанын хабарлады.
Сонымен қатар, ол объектіні әлеуметтік қызметтерге берудің қажеті жоқ екенін, туристік мақсаттар үшін осындай деңгейдегі қонақ үйлердің жетіспейтінін атап өтті.
Фонд-бюро расследования коррупции