ҚМА төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов журналистерге Қайрат Боранбаев мемлекетке 134,5 млрд теңге қайтарғанын, алайда бұл сома әлі де өсуі мүмкін екенін айтты.
informburo.kz деректері бойынша, Елемесов кәсіпкерге қатысты тергеу жалғасып жатқанын хабарлады.
«Жалпы, ол сотталған іс бойынша 14,5 млрд теңге көлемінде залал өтелді. Сонымен қатар, ол 120 млрд теңге көлеміндегі залалды ерікті түрде өтеді. Барлығы 134,5 млрд теңге. Бүгінгі күнге ол өтеген соманы атап отырмын. Қылмыстық іс әлі тоқтатылған жоқ. Ол тергелуде», – деді Жеңіс Елемесов.
Журналистерді сондай-ақ жаңа тергеу бойынша Боранбаевқа қатысты қандай да бір бұлтартпау шарасы бар ма деген мәселе қызықтырды. ҚМА төрағасының орынбасары бұған қажеттілік жоқ екенін атап өтті. Оның айтуынша, ол сотталған іс аясында оған бас бостандығы шектелген болатын.
Жаңа тергеу бюджет қаражатын ұрлау және салық төлеуден жалтару күдігі бойынша жүргізіліп жатқаны хабарланады.
Еске салайық, бұған дейін Қайрат Боранбаев 8 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған еді. Сонда кәсіпкер өз кінәсін мойындамай, тағылған айыптарды абсурд деп атаған. Кейін Боранбаев тергеумен келісім жасасып, үкім күшін жойды.
Осыдан басқа, Дариға Назарбаеваның бұрынғы құдасы ерікті түрде мемлекет меншігіне құны 90 млрд теңгеден асатын активтерді қайтарып, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 30 млрд теңге аударғаны хабарланған болатын.
Осыдан кейін көп ұзамай Боранбаев прокурормен келісім жасасып, соған байланысты мүлкі тәркіленіп, 6 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.
Кейін сот кәсіпкердің өтінішін қанағаттандырып , жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығын шектеуге ауыстырды. Қазіргі уақытта Қайрат Боранбаев бас бостандығынан айыру орындарынан босатылып, пробациялық бақылауда.
Фонд-бюро расследования коррупции