Антикордың ресми өкілі Данияр Биғайдаров ауыл шаруашылығы министрлігі (АШМ) балық шаруашылығы комитетінің басшысын пара алуға күдіктеніп отырғанын хабарлады.

БАҚ мәліметінше, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сондай-ақ, тергеу астында басқа да адамдар бар екені хабарланды.
Олар 2021-2024 жылдары кәсіпкерлерден жалпы қамқорлық үшін пара алды деген күдікке ілінген.
«Тергеу соты күдіктіге қатысты электронды білезік қолдана отырып, үй қамауы түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Ол кінәсін толық мойындады, қазір тергеуге көмектесуде. Басқа қызметкерлердің қатысын тексеріп жатырмыз, тергеу жалғасуда», - деді Данияр Биғайдаров.
Еске сала кетейік, бұған дейін ФБРК негізін қалаушы Кирилл Павловқа АШМ балық шаруашылығы комитеті төрағасының м.а. Нәріман Жүнісов пара ұстаған кезде ұсталды деген ақпарат түскен. Айта кетерлігі, комитеттің сайтында ол әлі күнге дейін ведомство басшысы ретінде көрсетілген.
Фонд-бюро расследования коррупции