Skip to main content

Ауыл әкімдігі қоқысты жою кезіндегі бұзушылықтар үшін айыппұл салды

Submitted by Вера Александрова on

Жаңаарқа аудандық сотында Ұлытау облысының Айнабұлақ ауылдық округі әкімдігіне қатысты әкімшілік іс қаралды. Ауыл әкімшілігі экологиялық заңнаманы бұзды деп айыпталды.

Өңір соттарының баспасөз қызметінің мәліметінше, тексеру ауыл тұрғындарының қатты қалдықтармен жұмыс істеу кезінде экологиялық талаптардың бұзылуына шағымдануынан кейін жүргізілген.

«Сот отырысында «Ұлытау облысы бойынша экология департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары жоспардан тыс тексеру барысында экологиялық заңнаманың бұзылуы анықталғанын, осыған байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалғанын хабарлады», - делінген хабарламада.

Сот әкімдікті кінәлі деп танып, мекемеге 1 809 080 теңге айыппұл салды. 

«Сондай-ақ Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Айнабұлақ ауылында орналасқан ауданы 4,0000 га (кадастрлық нөмірі 09-104-009-152) жер учаскесінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге 1 ай мерзімге тыйым салынды», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, наурыз айында Сенат депутаты Зәкіржан Кузиев Қазақстанда қоқысты сұрыптау туралы экология және табиғи ресурстар министрлігінің ақпаратын «қағазға сызылған» деп атады. Сондай-ақ ол экология министрлігі мен әкімдіктерді қалдықтарды қайта өңдеудің орнына үлкен қоқыс полигондарын құруды жөн көретіні үшін сынға алды.

Қазан айының басында Балқаш экоактивистері қоқысты тиісті емес жерге тастайтындарды қатаң жазалауды талап етті. Олардың айтуынша, полигонда кәдеге жарату үшін ақы төлегісі келмейтін жергілікті тұрғындар мен ұйымдар қаланың шетін қоқысқа толтырып жатыр. 

Мәселен, Балқаш қаласының шетінен олар бұрын стадионда қолданылған пластик орындықтарды тапқан. Олар қалалық спорт бөліміне тиесілі болған. Оларды ауыстырған мердігерді тауып, жауапкершілікке тартқан.