Ұлытау облысында экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін 15 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінің мәліметінше, ведомство қызметкерлері өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша уәкілетті органға есеп бермеудің 125 фактісін анықтады.
Бұзушылар арасында: жер қойнауын пайдаланушылар, коммуналдық кәсіпорындар, қатты тұрмыстық қалдықтар полигондары өз қарамағындағы ауылдық округтердің әкімдері және т.б. бар.
Осы фактілер бойынша прокуратура Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының 11 ауылдық округ әкіміне қатысты 20 әкімшілік іс қозғады.
«Қазіргі уақытта прокуратураның қадағалау актісі бойынша экология департаменті қалған табиғат пайдаланушыларды әкімшілік жауапкершілікке тарту шараларын қабылдауда», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, прокурордың талаптарын орындамағаны үшін Ұлытау облысы экология департаментінің, ветеринария, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармаларының басшылары жауапкершілікке тартылды.
Кінәлі тұлғалар салынған айыппұлдарды 4,6 млн теңге сомасында толық төледі.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ақмола облысында Есіл ауданының әкімі Серік Балжанов ақпарат бермегені үшін айыппұл төлеген болатын. Әкім сот сауалын алған, бірақ оны орындамаған.
Шілде айында мемлекеттік ресурстарды пайдалану тиімділігіне аудит жүргізілгеннен кейін Жетісу облысы әкімдігінің лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері жауапкершілікке тартылды. Оның қорытындысы бойынша 2 адам атқаратын лауазымынан босатылды, тағы 6 адамға сөгіс берілді, 2 адамға ескерту жасалды. Сонымен қатар, 2 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Фонд-бюро расследования коррупции