13 шілдеде Атыраудағы бассейндердің бірінде хлормен уланудың ықтимал жағдайы тіркелді. Медициналық көмекке 14 адам жүгінді.
Атырау облысының коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, оқиға салдарынан үш адам ауруханаға жатқызылды, бүгінгі таңда олардың жағдайы тұрақты. Қалғандары дәрігерлердің бақылауында.
Ведомство қызметкерлері эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізді, су мен ауа сынамаларын алды, алайда хлор буының нормадан асуы анықталмады. Зертханалық зерттеулер жалғасуда.
Полиция қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатқаны атап өтілді.
Атырау облысы әкімінің тапсырмасы бойынша зардап шеккендер денсаулық сақтау басқармасының бақылауында. Сонымен қатар өңір басшысы облыстағы барлық бассейндер мен аквапарктерге тексеру жүргізуді тапсырды.
Еске салайық, бұған дейін Ақмола облысының Буланды ауданында "Макинская птицефабрика" ЖШС-нің алты қызметкері түнгі ауысымнан кейін "хлормен улану" алдын ала диагнозымен ауруханаға жатқызылды.
Сол кезде санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау мамандары да ауа өлшемдерін алған болатын, алайда норманың асып кетуі анықталмады. Олардың айтуынша, адамдар есіктер мен терезелерді ашқандықтан, хлор буы үлгеріп кеткен болуы мүмкін.
Фонд-бюро расследования коррупции