Skip to main content

Атырау облысындағы еңбек инспекциясының басшысы сыбайлас жемқорлық үшін сотталды

Submitted by Вера Александрова on

В Атырау облысында мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы бөлімінің басшысы Жабасов С. сотталды. 

Антикордың баспасөз қызметінің мәліметінше, ол кәсіпкердің ақша қаражатын алаяқтық жолмен иемденуге оқталуда айыпталған. Сонымен қатар оған өндірістегі екі жұмыскердің қайтыс болу фактісі бойынша қылмыстық қудалауды тоқтату үшін лауазымды тұлғаларға пара беруге азғыру жүктелген. 

Нәтижесінде сот оған мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

«Алдын алу шаралары аясында онлайн режимдегі процеске еңбек инспекциясы басқармасының қызметкерлері қосылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ», - делінген хабарламада.