Skip to main content

Атырау облысында балабақша тәрбиешісі баланы ұрып-соққаны үшін айыппұл салынды

Submitted by Вера Александрова on

Атырау облысында жеке балабақшаның тәрбиешісі сотталды, ол сабақ кезінде 5 жастағы баланы ұрған.

Өңір соттарының баспасөз қызметінің мәліметінше, сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша тәрбиеленушінің оң жамбас аймағынан гематома табылған.

Сотталушы кінәсін толық мойындады. Жәбірленуші тарап оған жеңілірек жаза тағайындауды сұрады.

Нәтижесінде сот тәрбиешіні кінәлі деп танып, 80 АЕК (314 560 теңге) мөлшерінде айыппұлға және 1 жыл мерзімге педагогикалық лауазымдарды атқару және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеу құқығынан айыру жазасына кесті.

Еске салайық, Қазақстанда балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау бойынша ауқымды жобалар жұмыс істейді. Мәселен, Бас прокуратура тәуекел тобындағы 63 мыңнан астам отбасына барып, ауқымды жұмыс жүргізді. 

Тексеру қорытындысы бойынша ведомство қамқоршылар мен ата-аналарға қатысты 93 сотқа дейінгі тергеуді бастады, ал 11 мың заңды өкіл міндеттерін тиісті түрде орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 342 бала аса қажеттілікке байланысты мемлекет қамқорлығына берілді.