Skip to main content

Астанадағы ҚАЖ мекемелерінде сотталғандарға прокуратура тексерісінен кейін үстеме жұмыс үшін ақы төленді

Submitted by Вера Александрова on

(19 қаңтар 2026 | Дереккөз: Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі)

Астана прокуратурасы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру кезінде заңдылықтың сақталуын тексерді.

ҚАНДАЙ БҰЗУШЫЛЫҚТАР АНЫҚТАЛДЫ 

Жалақының уақтылы төленбеуі, жеке еңбек шарттарының дұрыс жасалмауы фактілері анықталды. Сондай-ақ, сотталғандардың еңбек заңнамасында көзделген нормадан асып, тәулігіне 12 сағаттан артық жұмыс істеген жағдайлары анықталды.

ҚАЛАЙ ЖОЙЫЛДЫ

Қадағалау актісі бойынша 13 сотталғанға ҚР Еңбек кодексінің 108-бабына («Үстеме жұмысқа ақы төлеу») сәйкес үстеме жұмысқа ақы төленді.

КІМ ЖАЗА АЛДЫ

Еңбекке ақы төлеу жөніндегі талаптарды бұзғаны үшін жауапты лауазымды тұлғалар ҚР ӘҚБтК-нің 87-бабына («Еңбекке ақы төлеу жөніндегі талаптарды бұзу») сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жазаның түрі мен мөлшері туралы ақпарат нақтыланбайды.