Skip to main content

Астанада санитарлық бақылаусыз мал шаруашылығы өнімдері сатылды

Submitted by Вера Александрова on

Астананың жүзден астам кәсіпкері ветеринариялық-санитариялық бақылаудан өтпеген мал шаруашылығы өнімдерін сатқан. 

Сонымен қатар, елорда прокуратурасының баспасөз қызметі ішкі сауда нысандарында орналасқан ветеринариялық зертханаларда ветеринариялық-санитариялық жағдайдың бұзушылықтары анықталғанын хабарлады. 

Сондай-ақ, ведомство кейбір зертханалардың ветеринариялық-санитариялық қорытындысыз қызмет атқарғанын анықтады.

«Прокурорлық қадағалау актілері бойынша кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке, мемлекеттік кәсіпорынның лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Уәкілетті органдар анықталған бұзушылықтарды жоюда», - делінген хабарламада.

Сонымен бірге, Energyprom мониторингтік агенттігі ет және ет өнімдерінің қымбаттағанын хабарлайды. Бір жыл ішінде олардың бағасы орта есеппен 6%-ға өскен. 

  • сиыр еті — 6,5%-ға; 
  • шошқа еті — 6,4%-ға; 
  • қой еті — 5,4%-ға; 
  • жылқы еті — 3,7%-ға; 
  • құс еті — 3,3%-ға. 

Сарапшылардың дерегінше, өңірлік бөліністе ет және ет өнімдерінің бағасы Ақмола облысында ең қатты өскен: бір жылда 11,8%-ға. Бағаның ең жоғары өскен бестігіне Шығыс Қазақстан және Атырау облыстары, сондай-ақ Ұлытау және Абай облыстары енді. Сектордағы бағаның ең төмен өсуі Шымкентте, сондай-ақ Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарында байқалады. 

Сонымен қатар, жыл басынан бері елімізде барлық түрдегі еттен 20,3 мың тонна өндірілгені атап өтіледі. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13,9%-ға артық. 

Еске сала кетейік, сәуір айының басында Маңғыстау облысында су тасқыны мен жолдардың бітелуіне байланысты ет бағасы көтерілгені хабарланған болатын. Сонда базарларда бір келі қой етінің көтерме бағасы 100 теңгеге өскен еді.