Шымкент тұрғындары ет бағасының күрт өсуіне шағымдануда. Олардың айтуынша, соңғы бір айда қалада қой еті мен сиыр етінің құны 500 теңгеге өскен.
ORDA мәліметінше, қала тұрғындары желтоқсан айында базардан сиыр етін 2700 теңгеге сатып алғанын, қазір оны 3200 теңгеге сатып жатқанын айтады.
Бағаның өсуі ет сататындарға да әсер еткені атап өтіледі. Жергілікті базарлардың біріндегі сатушы әйел еттің көп бөлігі Өзбекстанға экспортталатынын, онда оны қымбатқа сататынын хабарлады.
«Қасапшылар үшін бұл тиімді: ол жерде бөлшек саудада өнімнің килограмы шамамен 4200 теңге тұрады. Біз тауарды делдалдар арқылы сатып алуға мәжбүрміз. Бір ай бұрын мен қой етін килограмына 2200 теңгеден алып, 2500 теңгеден сататынмын. Қазір сатып алу бағасы 2800–2900-ге, ал бөлшек бағасы 3000-ға көтерілді», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, ол жеткізушілер қой етінің килограмына көтерме бағаны 3000 теңгеге дейін көтеруді жоспарлап отырғанын айтты.
Өз кезегінде ElDala.kz басылымы ет комбинаттары қазақстандықтарды сиыр еті бағасының өсуі туралы ескертіп жатқанын жазады. Өңдеушілер, көтерме сатушылар және бөлшек саудагерлердің үстеме бағасын ескере отырып, өнімнің бір килограмының бағасы 5000 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін.
Сарапшылар мұны ең алдымен теңгенің әлсіреуімен байланыстырады.
«Шетелдік сатып алушылар қазір қазақстандық фермерлерге сиыр етінің кг-на шамамен $5-5,2 бағасын ұсынып жатыр. Теңгенің қазіргі бағамы бойынша бұл бір кг ет үшін 2600-2700 теңге. Шетелдік сатып алушылармен бәсекелесу үшін жергілікті ет комбинаттары сатып алу бағасын дәл сол деңгейге көтеруге мәжбүр», - делінген хабарламада.
Олардың пікірінше, екінші себеп – өткен жаздың ылғалдылығының жоғары болуы және соның салдарынан шөп пен мал азығының бағасының төмен болуы.
«Сондай-ақ, астықтың мол өнімі оның бағасының төмен болуына әкелді. Сонымен қатар, тек арпа ғана емес, сапасы төмен бидайдың да көп көлемі алынды. Мұның бәрі мал шаруашылығымен айналысатындарға қолайлы бағамен жем-шөп қорын жасауға мүмкіндік берді», - деп түсіндіреді мамандар.
Атап өтілгендей, мал союдың қысқаруы да бағаның өсуіне түрткі болып, ет нарығындағы ұсыныстың азаюына әкелуі мүмкін.
«Сонымен қатар, жайылымдардың ылғалдылығы мен жылы күз малды ұзақ уақыт бойы еркін жайылымда ұстауға мүмкіндік берді. Ал егер солай болса, дәл күзде қолма-қол ақша алуды қажет етпеген фермерлер қыс алдында малды соймай, көктемге дейін қалдырғанды жөн көрді. Сонда баға да жоғары болады, малдардың өзі де ірі болады», - деп қорытындылайды сарапшылар.
Фонд-бюро расследования коррупции