Skip to main content

Астанада салынып жатқан тұрғын үй кешеніндегі заңсыз тұрғын үй-жайлар жойылады

Submitted by Вера Александрова on

Астанада тұрғын үй пәтерлеріне қайта жабдықталған техникалық қабат бұзылады.

Астана әкімдігінің мәліметінше, тапсырыс беруші «Елімай Сити» ТКК жобадан ауытқып, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізген, атап айтқанда техникалық қабатты тұрғын үй пәтерлеріне қайта жабдықтаған.

Нәтижесінде Астана қаласының қалалық ортаны бақылау және сапа басқармасы құрылыс салушыға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасап, бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берді.  

Сонымен қатар, басқарма Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына (МАЭС) нысанды жобаға сәйкес келтіру үшін анықталған бұзушылықтарды жою туралы талап арыз жолдады.

«Бүгінгі күні құрылыс салушы МАЭС шешімін орындау мақсатында тұрғын үй кешенін жобалық құжаттамаға сәйкес келтіру үшін заңсыз салынған қоршау конструкцияларын бөлшектеу бойынша іс-шаралар жүргізуде. Барлығы салынып жатқан ТК екі блогындағы 12 пәтер бөлшектелуде. Тұрғын үй кешені Нұра ауданында Қорғалжын тас жолы мен E127 көшесінің қиылысында орналасқан», - делінген хабарламада.