Көлік прокуратурасы органдары Нидерланды мен Германияға қара және түсті металдардың сынықтарын заңсыз экспорттау әрекеттерінің жолын кесті. Бұзушылықтар Астанадағы Кедендік ресімдеу орталығында (КРО) тіркелді.
Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметінің мәліметінше, өнімді шығару СЭҚ ТН (сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы) бойынша жалған кодпен ресімделген — сынықтардың орнына құжаттарда пайдаланылған құбырлар көрсетілген.
«Бұл факт кеден сарапшыларының қорытындысымен расталды. ҚР Индустрия және құрылыс министрінің 2023 жылғы 18 қазандағы №34 бұйрығына сәйкес, мұндай бұйымдарды экспорттауға тыйым салынған», - делінген хабарламада.
Белгілі болғандай, схемаға екі компания қатысқан. Прокуратура оларға қатысты тауарларды кедендік шекара арқылы заңсыз өткізу фактісі бойынша әкімшілік іс қозғады.
Бірінші сатыдағы сот компания өкілдерін кінәлі деп танып, әрқайсысына 20 АЕК (78 640 теңге) мөлшерінде айыппұл салды.
Фонд-бюро расследования коррупции