Skip to main content

Жыл басынан бері Астана әуежайында 400 млн теңгеге алтын құймалары мен валютаны әкетуге жол берілмеді

Submitted by Вера Александрова on

Жыл басынан бері Астана қалалық кеден бекеті «Әуежай-Астана» қызметкерлері 400 млн теңгеден астам сомаға валютаны заңсыз әкетудің 22 фактісін жолын кесті. 

Бұл туралы қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап, informburo.kz хабарлайды.



«Соның ішінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар 172 млн теңгеден астам сомаға 3 материал Астана экономикалық тергеу департаментіне жіберілді, әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар 281 млн теңге сомаға 19 факті бойынша айыппұл сомасы 664 560 теңгені құрады», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, құқық бұзушылар салмағы 433 грамм алтын құймалар мен салмағы 3 кг коллекциялық монеталарды 70 млн теңгеден астам сомаға заңсыз әкетуге тырысқаны белгілі болды. 

Еске салайық, ағымдағы жылдың ақпан айында «Атырау-Кутаиси» халықаралық әуе рейсіне тіркелу кезінде Грузия азаматы Қазақстаннан қолма-қол $100 мың әкетуге тырысқан.