Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты «Chia Tai Pharmaceutical» қаржы пирамидасы филиалының басшысына үкім шығарды.
Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, сотталушы фармацевтикалық зауытқа инвестиция салу деген желеумен салымшылардың қаражатын тартып, кейін иемденген. Нәтижесінде 12 зардап шеккен 29,2 млн теңге жоғалтты.
Сот филиал басшысын кінәлі деп танып, оны 5 жыл бас бостандығынан айыруға және 5 жыл мерзімге азаматтардың қаражаты мен инвестициясын тарту құқығынан айыруға үкім етті.
Еске сала кетейік, өткен жылдың қараша айында ҚМА «Chia Tai Tianging» қаржы пирамидасы филиалының басшысына қатысты тергеудің аяқталғанын хабарлаған болатын, оның 200 салымшысы 700 млн теңге көлемінде шығынға ұшыраған.
Сәуір айында ҚМА Қазақстан аумағында «Chia Tai Tianqing» қаржы пирамидасын құру фактісі бойынша 17 қылмыстық істің тергелуі туралы хабарлаған. Жалпы шығын 7 млрд теңгені құраған.
Шілдеде БҚО-да «Chia Tai Tianqing» әрекетінен келтірілген жалпы шығын сомасы 769 млн теңгеден асқаны белгілі болды.
Қазанда ШҚО-да «Chia Tai Pharmaceutical» салымшылары 350 млн теңге жоғалтқаны хабарланды.
Фонд-бюро расследования коррупции