Skip to main content

Астанада алаяқтық схемаға қатысқаны үшін курьер сотталды

Submitted by Вера Александрова on

Астанада алаяқтық схемаға қатысқан әйел-курьер сотталды. Ол алданған азаматтардан ақша алып, өзіне 10% қалдырып, қалғанын алаяқтың шотына аударғаны хабарланды.

«Үкіммен алаяқтың телефон арқылы жәбірленушінің қызы жол-көлік оқиғасын жасап, адам өліміне әкеп соқтырғанын және істі оң шешу үшін ақша беру керектігін айтқаны анықталды. Осы схема бойынша алаяқ екі жәбірленушіні алдап, 1 миллион теңгеден астам ақшаны иемденген», - деді Астана прокуратурасының баспасөз қызметі.

Курьер «жұмыс» туралы хабарландыруды Telegram-арнасы арқылы тапқаны белгілі болды. 

«Сот үкімімен сотталушы жәбірленушілердің пайдасына материалдық залал өндіріліп, сотталды. Үкім заңды күшіне енді», - делінген хабарламада.

Қылмысқа қатысушыларға, оның ішінде ұйымдастырушыға қатысты қылмыстық іс жеке іс жүргізуге бөлінді.