Skip to main content

7 млрд теңге заңсыз табыс тапқан криптобиржадан екі астаналық

Submitted by Вера Александрова on

Астана қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты астананың екі тұрғынын лицензиясыз және АХҚО (Астана халықаралық қаржы орталығында) тіркеусіз заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін соттады. 

Сотта түсіндіргендей, алаяқтар алдын ала сөз байласып, екі жыл бойы Binance платформасында заңсыз USDT айырбастаумен айналысып, 7 млрд теңгеден астам табыс тапқан. 

Нәтижесінде олар ҚК-нің 214-бабы 2-бөлігі 2-тармағы «Заңсыз кәсіпкерлік» бойынша кінәлі деп танылды. Олардың бірі 3 жыл бас бостандығынан айырылды. Екінші айыпталушы 2,5 жыл бас бостандығынан айырылды. 

Сонымен қатар оларға 7 жыл мерзімге қамтамасыз етілмеген цифрлық активтердің айналымына байланысты қызметпен айналысуға тыйым салынды. 

Үкіммен келіспеген сотталушылар мен олардың адвокаттары оған шағым түсіріп, ақтауды сұрады. Алайда шешім өзгеріссіз қалдырылып, ол заңды күшіне енді. 

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы қазанда Қаржылық мониторинг агенттігі халықаралық «Binance» криптобиржасымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын. Бұл ҚР кірісіне криминалдық крипто-активтерді бұғаттау, тыйым салу және тәркілеу рәсімін жолға қоюға тиіс еді.