Жетісу аудандық сотында Алматы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бөлімінің басшысына үкім шығарылды.
Антикор баспасөз қызметінің мәліметінше, ол «Суberpro-com» ЖШС өкілінің 3,6 млн теңге қаражатын иемденуге оқталғаны үшін кінәлі деп танылды.
Шенеуніктің ми сал ауруы диагнозы қойылған балаларға арнайы әлеуметтік қызмет көрсету бойынша шарт жасасуға жәрдемдесу сылтауымен ақшаны иемденуге тырысқаны хабарланды.
Нәтижесінде сот бөлім басшысына 27 млн теңге мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындап, мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқаруға өмір бойы тыйым салды. Сот актісі заңды күшіне енді.
Еске сала кетейік, наурыз айында Павлодар прокуратурасы бір оңалту орталығының басшылығының мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қызмет көрсету үшін заңсыз ақы алған фактілерін анықтады. Мекеме жергілікті бюджеттен қаржыландырылатыны хабарланды.
Сәуір айында Антикор «Орал қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарды ресоциализациялау орталығы» КММ директорына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Ол жалпы сомасы 11,5 млн теңге бюджет қаражатын иемденді деген күдікке ілінді.
Фонд-бюро расследования коррупции