Департамент АЗРК Алматы қаласы бойынша автомобильдерді сату кезінде қосымша жабдықтарды таңу фактісі бойынша «Toyota Tsusho Kazakhstan Аuto» ЖШС-ге қатысты тергеу жүргізді.
Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, 2020-2021 жылдары Алматыдағы Toyota-ның ресми дилері автомобильдердің 82%-дан астамын қосымша жабдықтар орнатып сатқан.
Атап өтілгендей, бұл жабдықтың құны 3 млн теңгеге дейін жеткен, ал кейбір санаттар бойынша үстеме баға 200%-дан асқан.
Нәтижесінде ЖШС 88 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Еске салайық, 2022 жылғы шілдеде АЗРК Алматының ірі автодилерлерін жеңіл автомобильдерді сату кезінде тұтынушыларға қосымша тауарлар мен қызметтерді таңды деп әшкереледі.
Сол кезде «Астана моторс» моторлы компаниясы» ЖШС (Hyundai Premium Almaty, Hyundai Auto Almaty, Hyundai Premium Batys, «Сүйінбайдағы Toyota орталығы»), «Orbis Auto» ЖШС (Nissan центр, Toyota City, Volkswagen центр) және «Toyota Tsusho Kazakhstan Auto» ЖШС («Жетісудағы Тойота орталығы», «Lexus центр Алматы») әрекеттерінен бұзушылықтар анықталды.
Осы жылдың қараша айында АЗРК сатып алушыларға қосымша жабдықтарды, керек-жарақтарды және өзге де қызметтерді таңғаны үшін «Астана моторс» моторлы компаниясы» ЖШС, «Orbis Auto» ЖШС, «Mercur Autos» ЖШС, «Toyota Tsusho Kazakhstan» ЖШС, «Автоцентр Актобе» ЖШС, «Zhayik Motors» ЖШС, «Евразия Моторс Шымкент» ЖШС және басқа автодилерлерге қатысты монополияға қарсы шаралар қабылдады.
Фонд-бюро расследования коррупции