Алматыда экономикалық тергеу департаменті (ЭТД) қызметкерлері заңсыз микроқаржы ұйымдарының (МҚҰ) желісін әшкереледі. Тәркіленген мүліктің жалпы көлемі 42,6 млрд теңгені құрады.
Бұл туралы РСК брифингінде департамент басшысының орынбасары Сабырғали Балғалиев хабарлады. Оның айтуынша, криминогендік жағдайды талдау ресми түрде сауда және автокөлік жалдау саласында жұмыс істеген бірқатар компаниялардың комиссиялық дүкендердің қызметін жамылып, лицензиясыз микрокредиттер бергенін анықтады.
Балғалиевтің мәлімдеуінше, клиенттермен кепіл ретінде пайдаланылатын тауарларды сатып алу-сату шарттары жасалған. Кейін бұл тауар қайтадан сатылған немесе сол клиенттерге жалға берілген, бірақ жасырын пайызбен.
«Биыл департамент 14 заңды тұлғаға және бір жеке тұлғаға қатысты бірқатар қылмыстық істі тіркеді. Алты МҚҰ-ға: «Creditum», «Sofi Finance» және олармен байланысты басқа да компанияларға қатысты алаяқтық, заңсыз кәсіпкерлік және қылмыстық кірістерді заңдастыру фактісі бойынша істі сотқа жолдадық», — деді Балғалиев.
Оның айтуынша, схемаға қатысушылар кепілдік шарттары түрінде ресімделген несиенің нақты сомасынан 3–5 есе көп төлеуге мәжбүр болған азаматтар есебінен кіріс алған.
Залалды өтеу үшін күдіктілердің мүлкіне 42,6 млрд теңге сомасына тыйым салынды.
«Арызданған азаматтарға залал толық өтелді. Сондай-ақ 1,6 млрд теңге көлеміндегі негізгі борыш бойынша қарыз есептен шығарылды», — деп нақтылады ол.
Сонымен қатар Алматы прокуратурасы осы МҚҰ-лардың қарыз алушылары болған әлеуметтік осал санаттардағы 60 мыңнан астам азаматтың мүддесін қорғау үшін талап арыз берді.
Бұдан басқа, уәкілетті органдар тергеу деректері бойынша «7PAYda kz» сайты арқылы лицензиясыз микроқаржы қызметін жүзеге асырған «Aiken Tech» ЖШС-нің қызметін тоқтатты. Компания 7 мыңнан астам азаматқа шамамен 10 млрд теңге сомасында микрокредиттер берген.
Сондай-ақ мамандар «Comfort Time» ЖШС басшылығының нақты жұмыс істемеген азаматтар үшін жалған зейнетақы аударымдарын ресімдегенін анықтады.
Бұл қарыз алушылардың төлем қабілеттілігі туралы дұрыс емес ақпарат жасауға мүмкіндік бергені атап өтіледі. Нәтижесінде 400 млн теңгеден астам сомаға 140 қайтарылмайтын несие алынған.
Балғалиев сотқа дейінгі тергеу қорытындысы бойынша несиелеу кезіндегі тәуекелдерді азайтуға бағытталған заңнамаға түзетулер бастамашы болғанын, сондай-ақ микрокредиттер бойынша дауларды қарау үшін микроқаржы омбудсмені институтын енгізу ұсынылғанын қосты.
Фонд-бюро расследования коррупции