Skip to main content

Алматыда қылмыстық топ қараусыз қалғандарға несие рәсімдеген

Submitted by Вера Александрова on

Алматыда ҰҚБҚ жедел қызметкерлері белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды ұрлап, алдап несие рәсімдейтін қылмыстық топты әшкереледі. 

polisia.kz деректеріне сәйкес, бүгінгі күнге дейін құқық қорғау органдары арнайы жалдаған коттедждің ішінде ұсталған 29 адамды анықтады. Оларға 200 млн теңгеден астам шығын келтірілген. 

Күдіктілерге қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құру, оны басқару және оған қатысу бойынша екі қылмыстық іс қозғалғаны хабарланады. Қылмыстық топтың барлық жеті мүшесі ұсталып, қамауға алынды.

«Заттай дәлелдемелер алынды, тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді», – деді ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев.

Еске сала кетейік, бұған дейін белгілі болғандай, Ақмола облысында салық органының қызметкері салық декларацияларын тапсыру сылтауымен жергілікті тұрғындарды өзіне шақырып, содан кейін жеке және биометриялық деректерін алып, олардың атына шағын несиелер рәсімдеген.