Алматы облысында №57 түзеу мекемесі бастығының орынбасары Нұрлан Бидайбековке қатысты қылмыстық іс қозғалды. БАҚ мәліметінше, ол пара алуға күдіктеледі. Іс сотқа жіберілді.
«Ол 31 мамырда ұсталды. Тергеу аяқталды. 10 маусым дүйсенбі күні іс ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 1-бөлімі (пара алу) бойынша Қонаев қалалық сотына жіберілді», - делінген хабарламада.
Оған дейін басқа БАҚ хабарлағандай, Бидайбековті ҰҚК департаменті мен прокуратура қызметкерлері ұстаған. Сонымен қатар, хабарламада оның сотталғандардан бопсалауға күдіктелетіні айтылған.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы облысы прокуратурасы өңірдегі түзеу мекемелерінде өрескел бұзушылықтарды анықтаған. Сотталғандардың ұялы телефондарды онлайн сатып алу, несие рәсімдеу және букмекерлік кеңселер мен онлайн-казино арқылы құмар ойындарға қатысу үшін пайдаланғаны, жалпы ақша айналымы 3 млрд теңгеден асқаны хабарланған.
Фонд-бюро расследования коррупции