Алматы Түрксіб ауданының прокуратурасы әкімдік лауазымды тұлғаларының кәсіпкерлерді тексеруге байланысты заңсыз әрекеттерін анықтады.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, қала әкімінің орынбасарының тапсырмасы бойынша басталған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (ӘМАТ) баға мониторингі барысында аудандық әкімдіктердің қызметкерлері кәсіпкерлерден заңсыз құжаттар талап еткен.
«Мұндай әрекеттер заңнамаға қайшы, себебі тексерушілердің бизнестен құжаттама талап етуге құқықтық негіздері болмаған», - деп атап өтті ведомствода.
Нәтижесінде аудандық әкім аппараттарының алты лауазымды тұлғасы 500 АЕК (1 966 000 теңге) мөлшерінде айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Алматы қаласы әкімінің орынбасары 100 АЕК (393 200 теңге) мөлшерінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Қазіргі уақытта барлық айыппұлдар қысқартылған тәртіппен төленді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысының тоғыз ауылдық округінің әкімдеріне жойылмаған қоқыс полигондары үшін айыппұл салынған болатын.
Фонд-бюро расследования коррупции