Skip to main content

Алматы қаласының аудандық әкімдігі Жаңа жылды безендіруге 178,5 млн теңге жұмсауды жоспарлап отыр

Submitted by Вера Александрова on

Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімдігі Жаңа жылға дайындыққа 178,5 млн теңге жұмсамақшы. Тиісті лот мемлекеттік сатып алу порталында орналастырылған.

Kursiv.media мәліметінше, құжаттамаға сәйкес, «Атакент» іскерлік ынтымақтастық орталығының аумағын безендіруге 62,5 млн теңге бөлу жоспарлануда.

Мұнда диаметрі 12 метр болатын 25 метрлік шырша, гирляндалар, үш фотоаймақ және жарық мүсіндері орнатылады. Олардың ішінде — «2026» сандары бар арка-шар және авторлардың ойынша «жарық шар-аркасын сүйреп, Жаңа жылды бейнелейтін жылқыларды» білдіретін екі метрлік жылқы мүсіні.

Сонымен қатар 62,5 млн теңгені Тұңғыш Президент саябағын безендіруге бөлу жоспарлануда, онда да шырша, гирляндалар және фотоаймақтар орнатылады.

Тағы 53,5 млн теңгені ауданның магистральдық көшелерін жарықпен безендіруге жұмсамақшы.

Өтінімдерді қабылдау 24 қыркүйектен 1 қазанға дейін созылады. Мемлекеттік сатып алу порталының деректері бойынша, Жаңа жылдық безендіруге дәл осындай соманы — 178,5 млн теңгеніТүрксіб ауданының әкімдігі де бөлмекші.

Еске сала кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында Жаңа жыл қарсаңында барлық дерлік әкімдіктер қалаларды мерекелік безендіруге миллиондаған, кейде ондаған миллион теңге бөлгені хабарланған болатын.

Шығыстар ауқымы бойынша тізімді Астана бастады: сол кезде қаланы безендіруге шамамен 700 млн теңге бөлінді. Шымкентте бұл мақсаттарға 80 млн, Ақтауда — 76 млн, ал Оралда — 28 млн теңге бөлінді.