Алматыда «Алматы Басжоспары» ЖШС бас директорының орынбасары С. Өмірәлиұлы сотталды.
Антикор баспасөз қызметінің мәліметінше, ол алаяқтық және кәсіпкерді қалалық жер қатынастары басқармасының лауазымды тұлғаларына пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп танылды. 9,6 млн теңге көлеміндегі пара жер учаскесінің мақсатты тағайындалуын өзгертуге арналған.
Сот оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салып, 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың қаңтарында Алматы қалалық қала құрылысы бақылау басқармасы жаңартқан сатып алуға ұсынылмайтын тұрғын үй кешендерінің тізіміне 45 алматылық кешен енгізілді.
Фонд-бюро расследования коррупции