Skip to main content

Алатауда 1,8 млрд теңге тұратын жерлер мемлекетке қайтарылды

Submitted by Вера Александрова on

Алматы облысы Алатау қаласының прокуратурасы кадастрлық құны 1,8 млрд теңге болатын 66,5 га аумағындағы заңсыз шығарылған жер учаскелерін қайтарды.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, жекелеген жер учаскелері Қараой ауылдық округінен Байсеркен ауылдық округіне заңсыз ауыстырылған. Прокурордың талап-арыздары бойынша олар мемлекеттік қорға қайтарылды.

Құны 96,9 млн теңге болатын 3,4 га аумағындағы учаскені қайтару туралы осыған ұқсас іс қазіргі уақытта сотта қаралуда.

Сонымен қатар, прокуратура кадастрлық құны 5 млрд теңге болатын жалпы аумағы 236 га 21 учаскені анықтады. Бұл жерлер заңнаманы бұза отырып берілген, олардың бір бөлігі ұзақ уақыт бойы мақсатты пайдаланылмаған. Сотқа оларды мемлекет меншігіне қайтару туралы талап-арыздар берілді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ұлытау облысы прокуратурасы мақсатты пайдаланылмаған құны 295 млн теңгеден асатын жер учаскелерінің мемлекет меншігіне қайтарылғанын хабарлады.