Ұлытау облысының прокуратурасы пайдаланылмай жатқан 90 мың га аумақтағы жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтарды.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, Ұлытау ауданының жер пайдаланушылары ауыл шаруашылығы жер учаскелерін ұзақ уақыт бойы мақсатты пайдаланбаған.
Нәтижесінде прокурорлық қадағалау актісі бойынша кадастрлық құны 147 млн теңгеден астам учаскелер мемлекет меншігіне қайтарылды.
Еске сала кетейік, бұған дейін хабарланғандай, соңғы үш жылда Алматы облысында жалпы ауданы 367,8 мың га болатын 1135 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.
Тек Қонаев қаласы бойынша бұл көрсеткіш 20,0 мың га құрады. Сонымен қатар жалпы ауданы 7 788,0 га болатын 82 жер учаскесі жеке талдау нысанына айналды.
Фонд-бюро расследования коррупции