Ақтөбе әкімдігінің баспасөз қызметі қаланың жаңа қоқыс полигонында өрт шыққанын хабарлады. Сенбіліктерден кейін әкелінген қоқыс өртеніп кетті.
«Қазіргі уақытта қоқыс түтіндеп жатыр. Түтіндеуді жоюға өрт сөндіру бөлімінің 20 қызметкері мен төрт бірлік техникасы, «ATK QYZMET» компаниясының 12 адамы мен 10 бірлік техникасы жұмылдырылды», – деді қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Болат Серіков.
Сондай-ақ, өрт сөндіруге қалалық коммуналдық қызметтердің күші мен құралдары жұмылдырылғаны белгілі болды.
Өз кезегінде informburo.kz ҚР ТЖМ-не сілтеме жасап, Атырау облысында тағы бір өрт шыққанын хабарлайды. Хабарланғандай, 28 сәуірде Құрманғазы ауданы Қарақұл ауылының шетінде шамамен 250 тонна жиналған шөп өртеніп кетті.
Еске сала кетейік, бұған дейін Сенат депутаты Зәкіржан Күзиев Қазақстандағы қоқысты сұрыптау туралы экология және табиғи ресурстар министрлігінің ақпаратын «қағазға сызылған» деп атады.
Оның айтуынша, экология министрлігі мәлімдеген 20% қағазда сызылған болса, Қазақстандағы қоқыстың тек 5-6% ғана сұрыпталады. Сонымен қатар, ол елдегі қоқыс полигондарының тек 21% ғана экологиялық стандарттарға сай келетінін мәлімдеді.
Фонд-бюро расследования коррупции