Skip to main content

Ақтөбе облысында тағы бір бөгет жарылды

Submitted by Вера Александрова on

Ақтөбе облысында Мағажан су қоймасының бөгеті жарылды. Су Ақтөбе қаласы мен Алға ауданына түскені хабарланды. 

«Қазинформ» ХАА деректеріне сәйкес, бөгет Ақтөбе облысының Хромтау ауданы Табантал ауылдық округінде орналасқан.

«Алға ауданының Бескөсле, Қызылту және Табантал ауылдары су басу аймағында орналасқан. Сондықтан 215 адам, оның ішінде 96 бала Бескөсле ауылының орта мектебіне, туыстарының үйлеріне эвакуацияланды, ал малдар қауіпсіз жерге айдалды. Табантал өзенінде жаға бекіту жұмыстары жүргізілуде», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Мағажан су қоймасы 1985 жылы салынды. Бөгеттің қуаттылығы 15,8 млн текше метрді құрайды. 

Еске сала кетейік, бұл Ақтөбе облысында соңғы кезде болған алғашқы осындай оқиға емес. 30 наурызда Әйтеке би ауданында «Щербаковское» бөгетіндегі дамба жарылған еді. 

Су басу қаупіне байланысты жергілікті билік Жүргенов ауылынан 927 адамды, оның ішінде 215 баланы эвакуациялады. Кейін облыс прокуратурасы дамбаның жарылу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.