Қостанай облысында су тасқынына байланысты адамдар эвакуациялануда. Екідің, Аққысы, Қызылжұлдыз, Жаңақала ауылдары мен өңірдегі 9 қыстаудан 150-ден астам адам, оның ішінде 63 кәмелетке толмаған шығарылды.
ҚР ТЖМ мәліметінше, ауыл тұрғындары Арқалық қаласының эвакуациялық пункттеріне орналастырылды. Адамдар қайықтар мен тікұшақтар арқылы эвакуацияланды.
Тек бір Қызылжұлдыз ауылында су тұтқынынан 100-ге жуық адам құтқарылғаны белгілі. Егістіктерден осында келген су елді мекенді сыртқы әлемнен толығымен бөліп тастады. Ойпаңдардағы еріген су деңгейі 2 метрге көтерілді. Сонымен қатар, Сарыторғай өзеніндегі су деңгейінің көтерілуінен кейін тасқынның қосымша қаупі туындады.
Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, су тасқынына байланысты ТЖ режимі Арқалық қаласында, Амангелді және Жангелді аудандарында жарияланды.
Еске салайық, кеше Оралда төтенше жағдай режимі енгізілді. Бұл ретте қала әкімі жоғары тұрған басшылықтан «жауапсыздық» және қаланың су тасқынына дайын болмауы үшін сөгіс алғаны хабарланады. Сондай-ақ 16 наурызда Семейде де ТЖ режимі енгізілді.
Су тасқыны жағдайына байланысты сөгістер Павлодар облысындағы бірнеше әкімге де жарияланды. Ең қанағаттанарлықсыз болып Павлодар ауданы, Тереңкөл ауданы, сондай-ақ Ақсу қаласы әкімдерінің жұмысы саналады.
Айта кетейік, бұған дейін ТЖМ төтенше жағдайлардың алдын алу департаментінің басқарма басшысының м.а. Алтай Мырзабаев мәлімдегендей, жергілікті атқарушы органдар бүкіл ел бойынша су тасқынына қарсы іс-шараларға 7 млрд теңгеден астам қаражат бөлді.
Жыл сайын су тасқынымен «күресудің» біреуге тиімді екендігі туралы әсер қалыптасады. Мысалы, Астана көшелеріндегі бірдей жолдарды жыл сайын жөндеу сияқты.
Фонд-бюро расследования коррупции