Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Белқопа ауылында еріген су толған шұңқырға құлап, тоғыз жасар бала қаза тапты.
press.kz мәліметінше, жергілікті білім бөлімінде баланың үш сыныптасымен бірге ауылдан шамамен 100 метр қашықтықта ойнағанын хабарлады.
Бір сәтте бала су жиналған шұңқырға құлап, суға батып кетті. Оның денесін судан алып, ауылдық амбулаторияға жеткізген. Полиция оқиға бойынша тергеу жүргізуде.
Еске салайық, бұған дейін Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Ебейті кентінде төрт жасар бала еріген суға құлап, суға тұншығып, қаза тапқан болатын.
Фонд-бюро расследования коррупции