Журналистер Қарағанды трассасы жағынан Астанаға кіре берістегі мемлекеттік резиденцияның жанында орналасқан ірі жер учаскелеріне назар аударды. Кадастрлық карта бойынша, резиденция ҚР Президентінің іс басқармасына тиесілі, ал іргелес жерлер Тимур Құлыбаевпен байланысты компанияларға тиесілі.
ORDA деректері бойынша, учаске бұрын экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевпен байланысты мемлекеттік резиденция мәртебесіне ие. Оның мемлекет басшысы лауазымынан кеткеннен кейін резиденцияны пайдаланушы болып қалғаны немесе нысан жаңа иесіне берілгені белгісіз.
Алайда, резиденцияға шамамен 32 гектар аумақтағы учаске іргелес екені және онда гольф-клуб орналасқаны белгілі болды. Жерге Тимур Құлыбаевтың компаниясы - «Кипрос» ЖШС иелік етеді. Бұл учаскенің кадастрлық құны — 213 млн теңге.
Құлыбаевтың гольфке деген қызығушылығы бір жобамен шектелмейтіні анықталды. «Кипрос» ЖШС сонымен қатар «Golf Club Astana» ЖШС — концерттер мен фестивальдер тұрақты өткізілетін танымал елордалық клубтың меншік иесі болып табылады. Бұл нысан Саяжай тұрғын алабының жанындағы 82 гектар аумақты алып жатыр.
Іргелес аумақта көлмен қоршалған он шақты үй орналасқан. Риелторлардың бағалауы бойынша, осындай бір үйдің орташа нарықтық құны 700–800 млн теңгені құрайды.
Сонымен қатар, жанында үлкен сарайы, футбол алаңы және баскетбол алаңы бар 8 гектар аумақтағы учаске орналасқан.
Сол жерде кадастрлық карта бойынша «Oil Real estate» ЖШС-ке тиесілі тағы бір шағын үй мен учаске орналасқан. Алайда 2022 жылғы наурызда Астана әкімдігі «Кипрос» ЖШС-не осы мекенжай бойынша нысанды бұзуға рұқсат берді.
Гольф-клуб пен Саяжай тұрғын алабының жанында «Қазақмыс» корпорациясына тіркелген сарай орналасқаны атап өтіледі.
Еске сала кетейік, бұрын хабарланғандай, Астананың Алматы ауданында Есіл жағалауында ауданы 8 мың шаршы метр резиденция салынуда, ал 640 сотық жер учаскесі де Құлыбаевтың компаниясы - «Кипрос» ЖШС-не тиесілі.
Фонд-бюро расследования коррупции