Алматы туризм бюросы 50 шетелдік блогерлер үшін пресс-турлар ұйымдастыру бойынша қызметтерді сатып алуға хабарландыру жариялады. Оған 89 285 710 теңге жұмсау жоспарлануда. Өтінімдерді қабылдау 2 наурызда аяқталады.
Билік БАӘ, Сауд Арабиясы, Түркия, Катар, Ұлыбритания, Германия, Франция, Италия, Испания, Сингапур, Оңтүстік Корея, Қытай және Малайзиядан блогерлерді шақырғысы келеді. Техникалық сипаттамаға сәйкес, олар әлеуметтік желілердің: Instagram, Facebook, YouTube, TikTok және Weibo пайдаланушылары болуы тиіс.
Олардың әрқайсысының кемінде 300 мың жазылушысы болуы керек, ал олардың аккаунттары кемінде 500 мың пайдаланушыны қамтуға міндетті. Пресс-тур қаланың көрнекті орындарына экскурсияларды қамтиды, содан кейін блогерлер фотосуреттер, рилдер, сторилер және басқаларын жариялауы керек.
Блогерлер үшін екі жаққа да ұшу ұйымдастырылады, олар 4 немесе 5 жұлдызды қонақүйде орналастырылады. Ыңғайлы автокөлік, күніне екі мезгіл тамақтану, аудармашылар беріледі. Сонымен қатар оларға естелік сыйлықтар табысталып, әрқайсысына $1000 мөлшерінде гонорар төленеді.
Factcheck.kz мәліметтері бойынша, 2023 жылғы қазанда Алматы туризм бюросы осыған ұқсас хабарландыру жариялаған болатын. Сонда әкімдік 30 блогерді шақырып, іс-шараға 60 млн теңге жұмсады. Қалған бөлігінде техникалық сипаттама алдағы сатып алудан ерекшеленбейді.
Фонд-бюро расследования коррупции