Соттың әскери алқасы қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы әскерді орналастыру бас басқармасы (ГУРВ) лауазымды тұлғаларына, "Әскери Құрылыс" АҚ, авторлық және техникалық қадағалау өкілдеріне, сондай-ақ басқа да тұлғаларға қатысты үкім шығарды.
"Алматы облысы Сарыөзек гарнизоны әскери қалашығындағы кәріз-тазарту құрылыстарын күрделі жөндеуге бөлінген 491,6 млн теңгені жымқыруда «Әскери құрылыс» АҚ-ның бұрынғы вице-президенті Темирбаев А., АҚ учаске бастығы Қабылтаев Т., компания басшысы Ибрагимова Е., авторлық және техникалық қадағалау өкілдері Дощанов А. мен Шайпранов Д., мердігерлік ұйым басшысы Газезов Г. және оның сенімді өкілі Омаров А. кінәлі деп танылды" – деп хабарлады Антикор баспасөз қызметі.
Нәтижесінде олар 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасына, мүлкі тәркіленіп, сол мерзімге мемлекеттік сатып алулармен байланысты қызметпен айналысуға тыйым салына отырып, сотталды.
ГУРВ бастығының бірінші орынбасары Абдрахманов Б., күрделі құрылыс басқармасының бастығы Онлабаев К. және осы басқарманың офицері Лесбаев Б. немқұрайлылық үшін кінәлі деп танылды. Оларға тағайындалған жаза туралы хабарланбайды.
Еске салайық, бұған дейін «Әскери құрылыс» АҚ-ның экс-президенті Ерлан Тәжиденов, сондай-ақ оның туыстары мен бағыныштылары 8 жылға сотталған болатын. Олар үлестес компаниялармен жалған шарттар жасасуда кінәлі деп танылды. Жалпы залал 590 млн теңгеден астамды құрады.
Сонымен қатар, БАҚ хәбарлағандай, 2020 жылы қорғаныс министрлігі объектілерін салу және жөндеу жұмыстарын жүргізу конкурсын жеңіп алған "Әскери құрылыс Астана" ЖШС («Әскери құрылыс» АҚ-ның еншілес ұйымы) субмердігерлер алдында қарызы бар. Нәтижесінде 2022 жылы Антикор «Әскери құрылыстың» жұмысындағы бұзушылықтарды тексеруге кірісті.
Фонд-бюро расследования коррупции