Ауыл шаруашылығы министрлігі ақбөкен етінен консервілер өндіру бойынша деректерді жариялады.
"Қазинформ" ХАА ведомствоға сілтеме жасап хабарлағандай, 2023 жылы ақбөкен етінен 5 425 кг консерві өндірілген. Олар Астанада, Қостанайда және Арқалықта сатылған.
Консервілерді шығарумен бір ғана кәсіпорын – "Торғай ет" ЖШС айналысқаны атап өтіледі. Ақбөкен етінен бұқтырылған ет дайындауды 2023 жылдың желтоқсанында тоқтатқан.
"Ет өңдеу кәсіпорындары ақбөкендердің етін өңдеу міндетін қоймайды, себебі олар негізінен ірі және ұсақ мүйізді малдарды союға бағытталған", — деп қосты ведомствода.
Еске сала кетейік, бұған дейін экология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлағандай, 2023 жылдың 6 қазанынан бастап "Охотзоопром" РМҚК табиғи ортадан 43 503 дара ақбөкенді "алып қойған".
ФБРК редакциясы Қазақстанда өлтірілген ақбөкендердің етінен қанша бұқтырылған ет консервісі өндірілгенін, қанша көлем экспортталғанын және ішкі нарықта қанша сатылғанын анықтағысы келді. Алайда біз экология және табиғи ресурстар министрлігінен де, сауда және интеграция министрлігінен де нақты жауап алмадық.
Біздің кезекті сұрауымызға, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне жолданған, 2023 жылдың 30 қазаны мен 10 желтоқсаны аралығында 1132 ақбөкен ұшасы атылып, "Торғай Ет" ЖШС ет комбинатына жеткізілгені, олардан шамамен 11 243 дана ет консервісі өндірілгені хабарланды. Сондай-ақ, бір банка бұқтырылған еттің бөлшек сауда бағасы 1000 теңгені құрағаны айтылды.
Сонда біз, егер ауылшаруашылығы министрлігінің деректері бойынша ет комбинаттарына 1132 ақбөкен ұшасы жеткізілсе, экология министрлігі мәлімдеген 43 503 ұшаның қалғаны қайда кетті деген сұрақ туындады. Өкінішке орай, сұрақ жауапсыз қалды – редакция жауап күткенмен, ала алмады.
Фонд-бюро расследования коррупции