2023 жылдың қорытындысы бойынша Halyk Bank басқарма мүшелеріне 3,2 млрд теңге көлемінде сыйақы төлеу жоспарлануда. Айта кетейік, 2022 жылы Halyk Bank басқарма мүшелері 2,9 млрд теңге алған болатын.
«Nege.Aqsha» мәліметі бойынша, Ұмұт Шаяхметова төрағалық ететін банк басқармасы және оның орынбасарлары 9 адамнан тұрады. 2023 жылы Halyk Bankтың таза пайдасы 693,4 млрд теңгеге дейін өскені хабарланады.
«Сонымен қатар, 2024 жылдың сәуірінде банк 2015 жылы Қазкомнан депозит ретінде алынған 250 млрд теңгенің 181,6 млрд теңгесін төлеп, мемлекетке «тарихи көмектің» бір бөлігін қайтарды», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Halyk Bank акционерлері 2023 жыл үшін 277,4 млрд теңге көлемінде дивиденд алатыны белгілі болды. Өткен жылы дивидендтер 276,9 млрд теңгені құраған еді.
Еске сала кетейік, бұған дейін «Қазақстан Халық банкі» АҚ (Halyk Bank) Қырғызстандағы еншілес банкі – «Халық Банк Қырғызстан» ААҚ акцияларының 100% сату туралы хабарлаған болатын.
Фонд-бюро расследования коррупции